Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында бизнесті қолдауға 13,5 млрд теңге бөлінді

Өңірдегі 590 жоба жалпы сомасы 66,9 млрд теңге кредитпен субсидияланды

 Динара Амантай 09.10.2022 | 10:05
Павлодар облысында бизнесті қолдауға 13,5 млрд теңге бөлінді
Фото: Halyq Uni

Биыл Павлодар облысында жеке скәсіпкерлік субъектілерін қолдауға 13,5 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Павлодар облысына жұмыс сапары аясында бизнес қоғамдастықпен кездесу барысында айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство басшысы Павлодар облысы кәсіпкерлерімен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады.

Жиында ШОБ-ты дамыту, оның ішінде кәсіпкерлердің құқығын қорғау, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, электр энергиясы тарифтері, қосылған құн салығы мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, жергілікті кәсіпкерлер қоғамдық тамақтану саласын жылумен, бау-бақша серіктестіктерін сумен қамтамасыз етуді және қайта өңдеушілерге салықтық жеңілдіктерді қарастыруды сұрайды.

Барлық көтерілген проблемаларға қатысты министр өз пікірін білдіріп, әрбір мәселе жеке қаралатынына сендірді.

Бұдан басқа ҰЭМ басшысы ШОБ-қа көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Мәселен, биыл Павлодар облысындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға 13,5 млрд теңге бөлінді. Ағымдағы жылғы 4 қазандағы жағдай бойынша, 590 жоба жалпы сомасы 66,9 млрд теңге кредитпен субсидияланды. Ал берілген кепілдіктер көлемі 6,9 млрд теңге, - деп нақтылады ол.

Кездесуден кейін Әлібек Қуантыров Павлодар облысы әкімдігінің ахуалдық-талдау орталығына барып, Павлодар қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама