Астанада Қорғаныс министрлігі аумағында дрон ұшырған 2 ресейлік ұсталды

Халық үні

21 және 28 жастағы жас жігіттер Жағалау және Қорғаныс министрлігі аумағында дрон ұшырған

ашық дереккөзден

Елордада бір күнде ұшақсыз ұшу аппаратын екі рет ұшыру фактісі анықталды, деп хабарлады Polisia.kz

«Есіл» аудандық полиция басқармасына Астанаға келген 2 Ресей азаматы жеткізілді.

21 және 28 жастағы жас жігіттер Жағалау және Қорғаныс министрлігі аумағында дрон ұшырған. Бұл фактілер әртүрлі уақытта болған. Олардың квадрокоптерді ұшыруға рұқсат беретін құжаттары болмаған.  Құқық бұзушылар ақпаратты тіркеу кітабына тіркелді. Қазіргі уақытта материал заңды шешім қабылдау үшін Азаматтық авиация комитетіне жолданды. Жас жігіттерге түсіндіру әңгімесі жүргізілді, – делінген хабарламада.

Астана полиция департаменті қазақстандық әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту көзделгенін ескертеді.