Halyq Uni логотип
×

«Бұл әлі басы»: Зеленскийдің кеңсесі Қырым көпіріндегі жарылысқа пікір білдірді

8 қазанда таңертең Қырым көпірінде жарылыс болды

 Халық үні 09.10.2022 | 00:55
«Бұл әлі басы»: Зеленскийдің кеңсесі Қырым көпіріндегі жарылысқа пікір білдірді
ашық дереккөзден

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Қырым көпірінде болған жойқын жарылысқа қатысты пікір білдірді.

«Қырым, көпір, басы. Заңсыздықтың бәрі жойылуы тиіс, ұрланған дүниенің барлығы Украинаға қайтарылуы тиіс, Ресей жаулап алғанның бәрі қудалануы тиіс», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, 8 қазанда таңертең Қырым көпірінде жарылған жүк көлігінің қасындағы жолаушылар көлігінде болған ер адам мен әйелдің мәйіттері су бетіне қалқып шыққан.

Жүк көлігінің иесі Краснодар өлкесінің тұрғыны болып шықты. Марқұмның тұрғылықты жері бойынша тергеу амалдары басталды.

Қырым көпірінде жүк көлігінің жарылғанын алдымен Ресейдің Ұлттық терроризмге қарсы комитеті хабарлаған. Сол кезде Таман түбегі жағынан Қырым көпірінің автокөлік бөлігінде жүк көлігі жарылып, Қырым түбегіне қарай бет алған теміржол пойызының 7 жанармай цистернасы өртенген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама