Halyq Uni логотип
×

Қарағандылық полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен 33 жастағы азаматтың мәйітін тапты

Жоғалған азаматты өлтірді деген күдікпен 38 жастағы қала тұрғынын ұсталды

 Халық үні 08.10.2022 | 21:46
Қарағандылық полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен 33 жастағы азаматтың мәйітін тапты
Фото: polisia.kz

15 тамыздан бері іздеуде болған 33 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылды, деп хабарлайды polisia.kz

Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлерімен бірге марқұмның жақындары мен еріктілер жұмылдырылды.

«Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесіне криминалдық полиция қызметкерлері жоғалған азаматты өлтірді деген күдікпен 38 жастағы қала тұрғынын ұстады. Жәбірленушімен сөзге келіп қалған жігіт оған дене жарақаттарын салған. Қылмысын жасыру мақсатында күдікті мәйітті жер үйдің қорасына көміп тастағанын мойындады", — деді Қарағанды облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚК-тің 99-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама