Қазақстан ҰҚШҰ-ның қарышты дамуы мен нығаюын қолдайды – СІМ
Отырыста ұйым дамуының өзге де аспектілерін талқылады
Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымдағы төрағалық етуші армян тарапының шақыруымен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары орынбасарларының консультацияларына қатысты.
Қоныспаев өз сөзінде әріптестерді ұйымның 20 жылдығымен құттықтап, Қазақстан барлық мүше мемлекеттердің мүдделерін ескеру негізінде ҰҚШҰ-ның қарышты дамуы мен нығаюын қолдайтынын атап өтті.
Қазақстандық тараптың Ұйым қызметін одан әрі ілгерілетуге және оның халықаралық имиджін нығайтуға бағытталғаны баса айтылды.
Отырысқа қатысушылар үстіміздегі жылдың қарашасында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің алдағы сессиясына дайындық мәселелерді және Ұйым дамуының өзге де аспектілерін талқылады.