Ол балалар үйі мен нәрестелер үйінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі
Көпбалалы ана Қарақат Әбден «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды бірлестіктің баспасөз қызметі.
2022 жылғы 7 қазанда Астана қаласында «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өткен.
Шара барысында «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» РҚБ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу және ілгерілету, сондай-ақ республикалық деңгейде азаматтардың осал топтарының мәселелерін жеткізу және мүдделерін қорғау мақсатында Әбден Қарақат Жақсылыққызы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, - делінген баспасөз хабарламасында.
Әбден Қарақат Жақсылыққызы – 4 баланың анасы, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасы Ақмола облысының тумасы, 1974 ж.т.
Мемлекеттік лауазымдарда, оның ішінде 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі Салық комитетінің орталық аппаратында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында бар. Астана қаласы мәслихатының VI шақырылымының депутаты болды.
Сәбилер үйі мен Балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, балалар үйінің 15 тәрбиеленушісінің менторы және тәлімгері.