Барлық жұмыстарды 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланған
«Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай» темір жолы бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды.
Өзбекстан Көлік министрлігі, Қырғызстан Көлік және коммуникация министрлігі мен Қытайдың Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында «Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай» темір жолының құрылыс (Қырғызстан аумағында) жобасы бойынша үшжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Бұл құжатпен Қырғызстан аумағындағы темір жол құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негізін әзірлеу бойынша барлық жұмыстарды 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланған.