Halyq Uni логотип
×

Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай темір жолының құрылысы басталады

Барлық жұмыстарды 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланған

 Дастан Жұмабекұлы 07.10.2022 | 17:49
Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай темір жолының құрылысы басталады
фото: ашық дереккөз

«Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай» темір жолы бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды.

Өзбекстан Көлік министрлігі, Қырғызстан Көлік және коммуникация министрлігі мен Қытайдың Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында «Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай» темір жолының құрылыс (Қырғызстан аумағында) жобасы бойынша үшжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 

Бұл құжатпен Қырғызстан аумағындағы темір жол құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негізін әзірлеу бойынша барлық жұмыстарды 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама