×

Экс-министр Бақыт Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалды

Ол елдегі қант тапшылығына байланысты қызметінен кеткен болатын

 Дәурен Ерболат 07.10.2022 | 17:10
Фото: primeminister.kz

Бұрынғы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлады ЕЭК.

2022 жылғы 6 қазандағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен Қазақстаннан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа мүшесі (министрі) болып Бақыт Сұлтанов тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік мәселелері кіреді, –  деп жазылған хабарламада.

Биыл 15 тамызда Президенттің Жарлығымен Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылған еді. Бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстандағы қант тапшылығына байланысты ведомство басшысына сөгіс жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама