Украина, Беларусь пен Ресейдің құқық қорғаушылары Нобель сыйлығын алды
Украина, Беларусь және Ресейдің өкілдері лауреат атанды
Биылғы бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы Украина, Беларусь және Ресейдің өкілдеріне берілді. Сыйлықты Беларусь елінің құқық қорғаушысы Алесь Беляцкий, Украинаның «Азаматтардың бостандығы орталығы» ұйымы мен ресейлік «Мемориал» құқық қорғау орталығы алды.
Нобель сыйлығының жаңа лауреаттары өз елдерінде азаматтық қоғам, еркіндік пен адамның бостандығы үшін күресіп келеді. Сол себептен оларға сыйлық берілді. Олар Ресей, Украина мен Беларусть билігіндегі сыбайлас жемқорлықты, билікті асыра пайдалануды дәлелдеп, хатқа түсірген. Сондай-ақ олар әскери қылмыстың бетін ашып, адамның сөз бостандығы мен конституциялық құқықтары бұзылған жаңдайларды анықтаған», – делінген Нобель комитетінің әлеуметтік желідегі материалында.