«Қарабақ – Әзербайжандікі!» - Армения мәлімдеме жасады
Екі ел бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындады
Чехияда Түркия, Әзербайжан, Франция, Еуропалық Одақ кеңесінің президенттері мен Арменияның премьер-министрінің қатысуымен өткен жиында Прага декларациясы қабылданды.
Осы құжатқа сәйкес, Армения мен Әзербайжанның бір-бірінің территориялық тұтастығын мойындады.
Мәлімдеменің мәтіні Елисей сарайының сайтында жарияланды.
Прагада өткен жиында Арменияның Үкімет басшысы Никол Пашинян Әзербайжанның президенті Ильхам Әлиевке, Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоғанға, Францияның басшысы Эмманюэль Макронға, Еуропалық Одақ кеңесінің жетекшісі Шарль Мишельге Әзербайжан Республикасының территориялық тұтастығын, оның ішінде Таулы Қарабақ өңірін БҰҰ-ның жарғысы мен 1991 жылы қабылданған Алматы декларациясын ескере отырып мойындайтынын мәлімдеді. Әзербайжанның президенті Ильхам Әлиев те Арменияның аумақтық тұтастығын мойындайтынын атап өтті.
Кездесуде тараптар екі елдің шекарасын делимитациялау жөнінде комиссия құрып, оның келесі мәжілісін қазан айынның соңында Бельгияның астанасы Брюссельде өткізуге келісті.
Комиссия екі ай бойы жұмыс істеп, делимитациялау мәселесін шешуді жоспарлап отыр.
Одан кейін шекараны демаркациялау басталады.