Halyq Uni логотип
×

Өскемендегі кәсіпорынға Ертіс өзенін кәріз қалдықтарынан тазарту міндеттелді

2,5 миллион теңгеден аса айыппұл салынды

 Еркеғали Болатұлы 07.10.2022 | 13:48
Өскемендегі кәсіпорынға Ертіс өзенін кәріз қалдықтарынан тазарту міндеттелді
фото: ашық дереккөз

Биыл жазда Өскеменде Ертіс өзені көбіктеніп, жағымсыз иіс шыққан еді. Ал оны кәріз қалдығымен ластаған кәсіпорын жеңіл жазамен құтылды.

Тұрғындар ағын судың сабын төгілгендей лайланып кеткенін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген болатын. Содан кейін экологтар тексеріс жүргізіп, Ертістің ластануына «Май» АҚ-ын кінәлі деп тапты. Себебі сол мекеменің кәріз жүйесі бітеліп, қалдық су жер бетіне шыққан. Кейін ол жаңбыр суымен араласып, өзенге құйылыпты. Су деңгейі төмендеп кеткенде жағалауда иісі қолқаны қабатын дақ қалған.

«Тексеріс нәтижесінде мекемеге заңбұзыушылықты болдырмау мақсатында ұсыныстар берілді. Сондай-ақ 2,5 миллион теңгеден аса айыппұл салынды. Мемлекеттік мекемеге Ертіс өзенінің бойындағы ластанған жерді ремедиация жоспарына сәйкес тазалауға талап қойылды», - деді ШҚО экология департаменті басшысының орынбасары Рауан Тұраров, КТК телеарнасына берген жауабында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама