×

ЖСДП атынан президент сайлауына түсетін Нұрлан Әуесбаев ОСК-ға құжаттарын тапсырды

Оппозициялық партия атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев сайлауға дайын екенін айтты

 Халық үні 07.10.2022 | 11:34
Нұрлан Әуесбаев, фото: osdp.kz

Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді.

«Кандидат ретінде тіркелгенімді не тіркелмегенімді екі күннің ішінде хабарлайтын болды. 118 мыңнан көп қол жинай аламын деп сенемін», - дейді Нұрлан Әуесбаев.

Нұрлан Әуесбаев ОСК-нің кандидат құжаттарын қабылдау комиссиясына:

  • жеке куәлігінің көшірмесін;
  • республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының ҚР президенттігіне кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме мен түпнұсқасын;
  • ҚР президенттігіне кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішін;
  • ҚР президенттігіне кандидаттың өмірбаяндық деректерін;
  • ҚР президенттігіне кандидаттың Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатын;
  • дипломдарының көшірмелерін;
  • мемлекеттік қызметтігі немесе сайланбалы лауазымдағы жұмыс өтілі туралы мәліметтерін тапсырды.

Еске салайық, Қазақстандағы оппозициялық партия саналатын ЖСДП атынан ұсынылған кандидат - 65 жастағы Нұрлан Әуесбаев, партияның Астанадағы филиалының жетекшісі.

Нұрлан Әуесбаев осыдан 16 жыл бұрын құрылған партияның атынан түскен алғашқы кандидат.

Бұған дейін Жалпыхалықтық социал-демократиялық (ЖСДП) партия президент және парламент сайлауына бірнеше рет бойкот жариялаған болатын.

Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама