×

«Алматы жастары»: қатысушыларға тағы бір мүмкіндік беріледі

Бүгінде 900-ге жуық несие мақұлданған

 Дәурен Ерболат 07.10.2022 | 11:05
Фото: gov.kz

«Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға берген өтінімдер қосымша іріктеледі деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биыл бағдарламаға негізгі байқаулық іріктеу кезеңінде (2022 жылғы 18 мамырдан 1 маусымға дейін) өтініш берген, бірақ құжаттың дұрыс толтырылмауына/рәсімделмеуіне/берілмеуіне байланысты өтпеген өтініш берушілер ғана қатыса алады, - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде барлығы 1 мың өтінім қарастырылып, төлем қабілеттілігі бойынша 863 несие мақұлданды. Қалған 137 орынға бұрын құжат тапсырған 5225 қатысушы үміткер бола алады.

2022 жылғы 10-14 қазан аралығында almaty-zhastary.kz арқылы өтінімге өзгеріс енгізіліп, құжаттарды тізімге сәйкес жаңартуға мүмкіндік беріледі.

Айта кетейік, «Алматы жастары» бағдарламасының бюджеті – 18 млрд теңге. Несиенің ең жоғары сомасы – 18 млн теңге, сыйақы мөлшерлемесі – 5, бастапқы жарнасы – 10%. Қатысушының жаңа салынған немесе қолданыстағы тұрғын үй нарығынан 45 күнде үй таңдауға мүмкіндігі бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аталған бағдарлама жұмыс істей беретінін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама