Боксшылар айқас алдында салмақ өлшеді
Жекпе-жек АҚШ уақытымен 7 қазанда Плант-Сити қаласында (Флорида штаты) болады. Ал Астана уақытымен 8 қазан күні өтеді.
Кеше Қанат Ислам кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Ол оыс кездесудің алдында басқа боксшымен қолғап түйістіру керек еді. Алайда оның қарсыоасы басқа салмақта жұдырықтасатын болған соң, Қанат Аргентина боксшысы Хавьер Франсиско Масьельмен шаршы алаңға шығатын болды. «Қазақ» лақап атымен танымал боксшымыз аргентиналық былғары қолғап шеберімен кездесу үшін орта салмақ дәрежесінде қалды.
Қ.Ислам соңғы жекпе-жегін британдық боксшы Джимми Келлиге қарсы өткізіп, төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңіліп қалған еді.