Ол түрлі басшылық қызметтер атқарған
Семей қаласының әкімі қызметіне Нұрбол Нұрсағатов тағайындалды деп хабарлады Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нұрбол Нұрсағатов Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Леонид Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтын бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінде жұмыс істеген.
2008-2011 жылдары – елордада құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары; ШҚО әкімдігі Көлік және автомобиль жолдары басқармасы; Алматы қаласының Құрылыс басқармасы; Нұр-Сұлтан қаласы Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
Астанадағы Байқоңыр және Алматы аудандарының әкімі болған.
Осы уақытқа дейін Абай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.