Жәбірленушілер мұны білмеген
Ақсуда 24 жастағы ер адам әріптестерінің атына несие рәсімдеген деп хабарлады Polisia.kz.
Полицияға 2 қала тұрғыны шағымданған. Банк олардан несие төлеуді талап еткен.
Тексеру барысында полицейлер әріптестерінің бірі қоңырау шалу үшін ұялы телефонын сұрап, кейін олардың атына несие рәсімдегенін анықтады. Күдікті бірінші әріптесінің атына 2,7 млн теңге сомасына тауарлық несие, екіншісіне 1,1 млн теңге көлемінде ақшалай несие рәсімдеген. Банк несие беруді мақұлдағаннан кейін ол қолма-қол ақшаны өз шотына аударған, - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде 24 жастағы ер адамның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.