Halyq Uni логотип
×

Зеленский Ресейге «алдын ала соққы» жасауға шақырды. Кремль жауап берді

 Халық үні 07.10.2022 | 06:33
Зеленский Ресейге «алдын ала соққы» жасауға шақырды. Кремль жауап берді
ашық дереккөзден

Украина президенті Владимир Зеленский НАТО елдерін ядролық қарумен қорқытқан жағдайда Ресейге алдын ала соққы жасауды ұсынды. Бұл туралы ол Лоуи институтында (Австралия) бейнебайланыс арқылы сөйлеген сөзінде айтты.

НАТО не істеуі керек? Ресейдің ядролық қаруды қолдану мүмкіндігін жоққа шығару керек. Алдын алу соққыларын жасау керек, егер олар ядролық қару қолданса, не болатынын білетін болады –деді  Зеленский деп келтіреді оның сөздерін Страна.ua.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл мәлімдемеге пікір білдіріп, бұны дүниежүзілік соғысқа шақыру деп атады, деп хабарлады РИА Новости.

Зеленскийдің бұл мәлімдемесіне әлемнің барлық елдері назар аударуы керек. Әсіресе оның бұл сөздеріне АҚШ, Ұлыбритания, Еуроодақ елдері назар аударуы керек. Бірінші кезекте алдыңғы екеуі зер салуы керек, – деді Дмитрий Песков.

Кейін Владимир Зеленскийдің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров Украина президентінің РФ-ға алдын ала соққы жасау туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді. 

Президент 24 ақпанға дейінгі кезеңді айтты. Сол кезде алдын алу соққысын жасап, Ресейге соғыс бастауға жол бермеу керек еді деді. Сол кезде алдын алу санкциялары ғана айтылған болатын, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама