×

Қарағандыдағы қайғылы жағдай: полиция сараптама қорытындысын жариялады

Әйел мен қызының мәйіті Қарағандыдан Ақтасқа барар жолдағы орман алқабынан табылған

 Халық үні 06.10.2022 | 23:43
ашық дереккөзден

Қарағандыда орман алқабынан өлі табылған 33 жастағы әйел мен оның 7 жасар қызына жасалған сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. 

Бұл туралы Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспаөз қызметі хабарлады. 

Ведомствоның мәліметінше, сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы шыққан.Әйел мен баланың мәйітінен зорлық белгілері табылмаған.  

Бұл алдын ала қорытынды. Өлім себебін анықтау үшін қосымша сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.

Болжам бойынша, қайғылы оқиға 18 немесе 19 қыркүйекте болған. 84 жастағы Антонина Янгельдің айтуынша, шөбересі мен немересі сыртқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Бірнеше күннен кейін әжесі екеуінің де көз жұмғанын естіген. Олардың мәйіттері Қарағандыдан Ақтасқа барар жолдағы орман алқабынан табылған. Көзі дұрыс көрмейтін әже енді жалғыз қалып отыр. Оның бір кездері ұлы Германияда, қызы Украинаға барып, жоғалып кеткен. 

Мен жалғыз қалдым. Ұлым Германияда тұратын, сонда қайтыс болды. Катяның анасы, қызым Украинада жоғалып кетті. Өзім де жетімдер үйінен шыққанмын. Көзім көрмейді, соқырмын деп айтуға болады. Көршілерім көмектеседі. Оларды жерлей алмадым, кішкентай шөберемнің әкесі мен қайырымды адамдар көмектесті, - дейді зейнеткер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама