Бас прокуратура 9 ай қамауда отырған «Дикий Арманға» қатысты тың мәліметтер жариялады
7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында «Дикий Арман» бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталған болатын
Бас прокуратура «Дикий Арман» атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевке жаңа айыптардың тағылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Informburo.kz.
Күдіктінің әрекеттері келесі қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша қосымша сараланды:
ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 1, 2-бөліктері – «Зорлық-зомбылықпен, қасақана қырумен, өрт қоюмен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды қолданумен, сондай-ақ құқықбұзушылықпен ұштасқан тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, билік өкіліне қарулы қарсылық көрсету, тәртіпсіздіктерге қатысу».
Сондай-ақ ол Қылмыстық кодекстің 262, 291, 287-баптары бойынша айыпталуда.
Арман Жұмагелдиевке Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармақтары – «Абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық топ жасаған заңсыз бас бостандығынан айыру» жазасы да қарастырылмақ.
Айта кетейік, 6 қазанда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 желтоқсанға дейін ұзартты.
7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында «Дикий Арман» бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталған болатын. Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленген.