×

Әлихан Смайыловтың қол сағаты қанша тұрады?

Жаңа премьер-министрдің қол сағаты қанша тұратыны айтылды

 Ербол Тұрымбет 20.02.2022 | 13:13
фото: facebook.com/ruslan.zheldibay

Әлеуметтік желіде үкімет басшысы Әлихан Смайылов таққан қол сағатының құны 5-8 мың доллар тұратыны туралы ақпарат тарады.

Kozachkov offside телеграм-арнасында Әлихан Асханұлының қол сағатының бағасы туралы ақпарат жарияланып, жазба авторлары үкімет басшысынан сағатының құнын айтуды сұрайды.

«Әлихан Асханұлы, сағатыңызды жақыннан түсіруге болады ма? Біз Картье Танк екенін көріп отырмыз, бірақ 5 мың не 8 мың долларлық модельдердің қайсысы екенін ажырата алмай отырмыз», – делінген жазбада.

Бүгін премьер-министрінің кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Желдібай бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, Әлихан Смайыловтың сағаты қанша тұратынын жазды. Оның жазуынша, премьер-министрдің фотодағы сағатының моделі Jacques Lemans, бағасы шамамен $383 тұрады.

Еске салайық, 11 қаңтарда Әлихан Смайылов Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама