82 жастағы француз жазушысы Анни Эрно Нобель сыйлығын жеңіп алды

Ая Өміртай

Украинадағы соғысқа қарсы шыққан орыс жазушысы үміткерлер қатарында болды

Сурет: ашық дереккөзден

82 жастағы француз жазушысы Анни Эрно әдебиет бойынша Нобель сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Halyq Uni Нобель комитетіне сілтемежасап.

Хабарландыру 6 қазанда жарияланды. Анни Эрно «жатырқаудың шығу тегі мен жеке жадының ұжымдық шектеулерін ашқан батылдығы мен дәлдігі үшін» марапатталды.
Жазушы өз кітаптарында өмірбаяндық хикаялар арқылы қазіргі заманның оқиғалары мен жағдайларын түсіндіреді.

Ерноның бес кітабы орыс тіліне аударылған. Олардың ішіндегі ең танымалы - «Оқиға» (2000), онда жазушының 1963 жылы жасырын түсік жасатқаны туралы айтылады. 2021 жылы осы еңбек желісімен режиссер Одри Диван фильм түсіріп, Венеция кинофестивалінің «Алтын арыстан» жүлдесіне ие болды.

Букмекерлік кеңселер биыл британдық 75 жастағы Салман Рушдиді фаворит санаған. «Ібіліс өлеңдері» кітабының авторы тамыз айында кісі қолынан қаза тапты.

Сондай-ақ, Украинадағы соғысқа қарсы шыққан орыс жазушысы Людмила Улицкаяның да мүмкіндігі жоғары бағаланған.

Үміткерлігі соғыспен тығыз байланысты тағы бір жазушы – украиндық Сергей Жадан. Ақын, жазушы, қайраткер Жаданның номинациясы биыл наурыз айында жарияланған болатын.
Бұл номинацияның бастамашысы Польша ғылым академиясы: «Ақын ретінде оның үні көп жылдан бері украиндықтар үшін ерекше маңызды. Еркін Украина Жаданның сөзімен ойлайды, сөйлейді және мұқият тыңдайды», деп мәлімдеген еді Польша ғылым академиясы.