Байденнің келесі президенттік сайлауға қатысатыны расталды

Дастан Жұмабекұлы

Ол АҚШ-тың тарихындағы ең жасы үлкен мемлекет басшысы болды

фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Джо Байден 2024 жылғы президенттік сайлауға үміткер ретінде қатысады.

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер хабарлады.Ол

Мұны президенттің өзі айтты. Ол 2024 жылғы президенттік сайлауға түсуге ниет білдіріп отыр, –  деді ол.

NBC News мәліметіне қарағанда, Байден сайлауға жасырын түрде дайындала бастаған. Оның командасы 2024 жылы өте тартысты болады делінетін мәселелерді әзірлеу үшін аралық сайлауларды пайдалануды жоспарлап отыр.

Қазір Джо Байден 79 жаста. Ол 2020 жылы күзде өткен сайлауда жеңіске жеткен еді. Байден АҚШ тарихындағы ең жасы үлкен президент болды.