×

Ертең Есіл өзеніне 100 мың ақ амур мен 96 мыңнан аса тұқы жіберіледі

Тұқы балықтар мен бақалардың уылдырығы, құрттар, шаян тәрізділер, тіпті, жәндіктерді де жей береді

 Еркеғали Болатұлы 06.10.2022 | 17:39
фото: ашық дереккөз

Ертең Астанада Есіл өзеніне «Бұқтырма» уылдырық шашу-өсіру шаруашылығының инкубациялық цехтарынан 200-ге жуық шабақ жіберіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара Қазақстанның су айдынындағы балық түрлерінің санын дұрыс реттеу үшін зор маңызға ие.

Атап айтқанда, 100 мың ақ амур және 96 мыңнан аса тұқы жіберілгелі жатыр. Олардың ішінде ақ амур шабақтары негізінен масақұрттар және шаян тәрізділермен қоректенеді, ал жетілгеннен кейін өсімдік жеуге ауысады. Ал тұқы – көп қоректеніп, тез өсетін балық. Ол қамыс өсінділері, балықтар мен бақалардың уылдырығы, құрттар, шаян тәрізділер, тіпті, жәндіктерді де жей береді.

Еске сала кетсек, оларды аулау Астана қаласының әкімдігі мен мәслихаты, Есіл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы, Астана қаласы бойынша экология департаменті және «Қазақрыбхоз» балықшылар қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы өкілдері комиссиялық құрамының бақылауымен жүзеге асады.

Басқарма барлық ниет білдірушілерді 7 қазан күні сағат 10:00-де іс-шараға қатысуға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама