Halyq Uni логотип
×

Ел басқаруға жаңа буын өкілдерінің келуі өте маңызды – Мемлекет басшысы

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

 Халық үні 06.10.2022 | 17:08
Ел басқаруға жаңа буын өкілдерінің келуі өте маңызды – Мемлекет басшысы
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында президент өкілеттігін 7 жылға шектеу туралы шешімге не үшін келгенін түсіндірді.

«Мен осы шешім туралы көп ойландым. Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес деген тұжырымға келдім. Мемлекеттің тірегі – жалғыз Президент емес, бүкіл халық. Сондықтан ел басқаруға жаңа буын өкілдерінің келуі өте маңызды», - деді Тоқаев.

16 қыркүйекте Парламент президент өкілеттілігін жеті жылға ұзарту нормасын қабылдады. Енді Ата заңға президенттің жеті жылдық мерзімі қайтадан енгізіледі. Бірақ осы жолы бір рет қана сайлануға мүмкіндік бар.

Біз ұлт мүддесін қорғайтын және халыққа адал қызмет ететін азаматтарға жол ашуымыз керек. Нағыз мемлекетшіл, отаншыл, білікті тұлғалар жұртты жасампаз істерге жұмылдырып, Қазақстанды өркендете алады. Осы ұстаным мызғымас қағидатымыз болуға тиіс, - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Елімізде президенттікке кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама