Ресейлік боксшыларға халықаралық турнирлерге қатысуға рұқсат берілді

Дастан Жұмабекұлы

Саясатты спортқа араластырмау керек деген шешім қабылданды

фото: ашық дереккөз

Ресейлік спортшылар Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) қолдауымен өз елдерінің туын желбіретіп, әнұранын ойнатып, жарыстарға қатыса алады.

Бұл туралы ХБҚ-ның директорлар кеңесі хабарлады.

5 қазан күні Халықаралық бокс қауымдастығының директорлар кеңесі Ресей мен Беларусь боксшыларын жарыстарға қатыстырмау туралы шешімінің күшін жою үшін дауыс берді. Директорлар кеңесінде саясатты спортқа араластырмай, барлық боксшыларға тең жағдай жасалуы керек деген шешім қабылданды.