Шымкентте 1,1 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген күдікті ұсталды
Бюджетке 380 млн теңге салық түспеген
Шымкентте алаяқтықпен айналысқан күдікті ұсталды деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан ер адамның қызметін әшкереледі. Ол арам пиғылын іске асыру үшін 3 компания құрған. Олардың жалпы айналымы 1,1 млрд теңгеден асты. Салдарынан бюджетке 380 млн теңгеден аса салық түспеген, - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.