Алматы индустриялық аймағында орналасқан майнинг фермасы анықталды
Криптовалюта өндіруге арналған 700-ден астам жабдық тәркіленді
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Алматы индустриялық аймағында орналасқан майнинг фермасы анықталды. Тінту барысында 6 контейнерде майнинг фермаларында криптовалютаны өндіруге арналған шифрлау кешені бар 700-ден астам жабдық анықталып тәркіленген.
Қазір тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
18 ақпанда Павлодар облысында Екібастұз ГРЭС-1 аумағында орналасқан майнинг дата-орталықтарының үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында пайдаланылатын электр энергиясын заңсыз тұтыну мен сатуды ұйымдастырғанын анықталды.
Бұл ретте электр энергиясы екі кәсіпорынның атына жеке ЖШС арқылы келіп түсті.