Жиынға партияның 1200 мүшесі қатысып жатыр
Астанада AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезі басталды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Съезге жалпы 1200 партия мүшесі қатысып жатыр. Оның 700-і – еліміздің түкпір-түкпірінен келген делегат.
Жиында саяси кеңестің шешімімен төмендегі мәселелер қаралады:
Съезде AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат етіп ұсыну бастамасын көтерді.
Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан, президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын!, - деді Ерлан Қошанов.
Кейін делегаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.
«AMANAT партиясы XXIV съезінің шешімімен Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылады», - деді партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов.
Айта кетейік, президент сайлауы 20 қарашада өтеді.