AMANAT партиясы да президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды
Жиынға партияның 1200 мүшесі қатысып жатыр
Астанада AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезі басталды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Съезге жалпы 1200 партия мүшесі қатысып жатыр. Оның 700-і – еліміздің түкпір-түкпірінен келген делегат.
Жиында саяси кеңестің шешімімен төмендегі мәселелер қаралады:
- AMANAT партиясынан Қазақстан президенттігіне кандидатты ұсыну;
- Партияның саяси платформасын бекіту.
Съезде AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат етіп ұсыну бастамасын көтерді.
Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан, президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын!, - деді Ерлан Қошанов.
Кейін делегаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.
«AMANAT партиясы XXIV съезінің шешімімен Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылады», - деді партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов.
Айта кетейік, президент сайлауы 20 қарашада өтеді.