2030 жылғы мундиальді Испания мен Португалия да өткізуге ниет білдіріп отыр
Украина футбол федерациясы Испания және Португалия елдерімен қатар 2030 жылы әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді.
Биылғы жылы Испания пен Португалия футбол федерациялары 2030 жылы шілде айында мундиальды қабылдауға өтініш берді. Осы елдермен қатар, Украина да төрт жылда бір айналып келетін дүрмекті доданы қабылдауға ниет білдіріп отыр.
Өтініш берген елдердің арасында Аргентина, Уругвай, Парагвай мен Чили, Египет, Грекия мен Сауд Арабиясы бар.
2030 жылы төрт жылда бір келетін футбол тойын қабылдайтын елдер 2024 жылы ФИФА-ның 74-конгрессінде белгілі болады.
2012 жылы Украина Польшамен бірге Еуропа чемпионатын өткізген еді.