Ерлер мен әйелдер 7 салмақта татамиге шығады
Бүгін Өзбекстанның Ташкент қаласында дзюдодан кезекті әлем чемпионаты басталады.
Ташкент татамиіне әлемнің 84 елінен 575 (311 ер, 264 әйел) спортшы бақ сынасады. Қазақстанның намысын 17 дзюдошы қорғайды.
Сондай-ақ, барлығы 160-тан астам БАҚ өкілдері ақпарат таратады. Оның ішінде 57-сі өзбекстандық, қалғаны шетелдік медиа.
Кеше жеребе тарту рәсімі өтіп, Қазақстан балуандарының алғашқы кезеңдегі қарсыластары анықталды.
Ерлер:
60 кг: Елдос Сметов – Хусейн Караматов (Әзербайжан);
Мағжан Шамшадин – Анжело Пантано (Италия)
66 кг: Ғұсман Қырғызбаев – Маттео Пирас (Италия)
73 кг: Данияр Шамшаев – Джек Ензука (АҚШ)
81 кг: Абылайхан Жұбаназар – Франк де Вит (Нидерланды)
90 кг: Дидар Хамза – Давид Кламмерт (Чехия)
100 кг: Нұрлыхан Шархан – Вон Джонхун (Оңтүстік Корея);
Ислам Бозбаев – Рафаэль Бузакарини (Бразилия)
+100 кг: Ерасыл Қажыбаев – Әлішер Юсупов (Өзбекстан)
Әйелдер:
48 кг: Абиба Әбужақынова – Аманда Лима (Бразилия)
52 кг: Гауһар Ермағамбетова – Фабианна Кочер (Швейцария)
57 кг: Севара Нышанбаева – Анджела Самарджич (Босния және Герцеговина)
63 кг: Эсмигүл Куюлова – Примо (Израиль) / Болд (Моңғолия) жұбының жеңімпазы;
Мөлдір Нарынова – Сэн Вермир (Нидерланды)
70 кг: Анастасия Маякова – Мария Портела (Бразилия)
78 кг: Аруна Жангелдина – Лю Шин (Тайвань)
+78 кг: Камила Берліқаш – Мэрит Кэмпс (Нидерланды)