Павлодарда туған қызын зорлаған ер адамға химиялық кастрация жасалады
Ол 25 жылға бас бостандығынан айырылды
Павлодар облысында туған қызын зорлады деп айыпталған ер адам сотталды. Ер адам 25 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.
Телеарнаның хабарлауынша, зорлық-зомбылық ұзақ жылдарға созылған. Алайда қыз жақында ғана туыстарына бәрін айтып берген.
«Қыз он жаста болғанда, алты жыл бойы әкесі оған зорлық-зомбылық жасаған. Ол оған венерологиялық ауру жұқтырған», - деді Павлодар облысының прокуроры Ермек Ахметов.
Айыпталушы сот алдына келді. Ол 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған сондай-ақ химиялық кастрация жасалады. Ер адам өз кінәсін мойындаған жоқ. Қазір сотталушыны ата-ана құқығынан айыру мәселесі шешілуде.