×

Украинa армиясының қазіргі жоспары белгілі болды

Украина қарулы күштері солтүстік-шығыстағы Харьков облысын түгелге жуық азат етті

 Халық үні 06.10.2022 | 06:29
фото: DW

Украина армиясы Херсон облысында 50 шақты қалашық пен ауылды Ресей әскерінен қайтарды. Мұны осы елдің ішкі істер министрінің орынбасары Евгений Енин мәлімдеді. Алайда, ол елді мекендердің қай кезеңде азат етілгенін айтқан жоқ.

Бұған дейін президент Владимир Зеленский де, украин жауынгерлерінің оңтүстікте «тез жылжып» осы аптаның өзінде ондаған ауылды босатқанын хабарлаған еді. Кейбір блогерлердің ойынша, ресейліктер қоршауға түспеу үшін шегінуге мәжбүр. Алайда, Херсондағы Мәскеу тағайындаған әкімшілік байбалам салуға негіз жоқ дейді.

Сонымен қатар, Украина қарулы күштері солтүстік-шығыстағы Харьков облысын түгелге жуық азат етіп, қазір шығыстағы Луганск облысының шекарасына жақындап, маңызды қала Сватованы алуға әзірленіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама