×

ІІМ әнші Төреғали Төреәлінің ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Әншінің ісі өлім-жітіммен байланысты емес

 Халық үні 05.10.2022 | 19:50
фото: inform.kz

Әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды polisia.kz телеграм каналы. 

«Төреғали Төреәлі қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі негізінде СДТБТ-да тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптардың татуласқты. Нәтижесінде қылмыстық іс бойынша тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады.

ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес: өлім-жітіммен байланысты емес, ауырлығы аз немесе орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянды түзетсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады», – делінген полиция мәлімдемесінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама