ІІМ әнші Төреғали Төреәлінің ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Әншінің ісі өлім-жітіммен байланысты емес
Әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды polisia.kz телеграм каналы.
«Төреғали Төреәлі қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі негізінде СДТБТ-да тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптардың татуласқты. Нәтижесінде қылмыстық іс бойынша тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады.
ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес: өлім-жітіммен байланысты емес, ауырлығы аз немесе орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянды түзетсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады», – делінген полиция мәлімдемесінде.