Halyq Uni логотип
×

Стати жеңілісін мойындады: Ұлттық қордың 530 млн АҚШ долларына салынған тыйым алынады

Әділет министрі Марат Бекетаев бұл жаңалықты түсіндірді

 Жандос Байділда 24.11.2021 | 14:46
Стати жеңілісін мойындады: Ұлттық қордың 530 млн АҚШ долларына салынған тыйым алынады
Марат Бекетаев, Әділет министрі

22 қарашада Анатол мен Габриель Стати Бельгиядағы Ұлттық қордың 530 миллион АҚШ доллары сомасына тең активтеріне салынған тыйымның күшін жою керек екендігін мойындады. Бұл Қазақстан мен ҚР Ұлттық банкіне қарсы Бельгиядағы процесте Статидің ешқандай перспективасы жоқ екендігінің белгісі.

Стати ісі бойынша салынған тыйымның алынуы - Брюссель апелляциялық сотының 2021 жылғы 16 қарашадағы шешімінің тікелей нәтижесі. Бұл шешім Статидің ірі көлемдегі алаяқтық схемаға қатысы бар және ол тек төрелік сотты ғана емес, сонымен қатар, төрелік шешімнің күшін жою жөніндегі процесс кезінде Швеция соттарын да жаңылыстырғанын анықтады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан тарапы Статимен дауда түбегейлі жеңіске жетті

Стати Бельгиядағы сот талқылауын 2017 жылдың соңында қозғады. Бұл 2018 жылғы мамырда Bank of New York Mellon сақтауындағы Ұлттық қорға тиесілі 530 миллион АҚШ долларына тыйым салынуына әкеп соқты.

Бельгиядағы іс жүргізу келесі үш процесті қамтиды: (і) төрелік шешімді тану және орындау бойынша іс жүргізу, (іі) уақытша тыйым салу бойынша іс жүргізу және (ііі) активтерге уақытша тыйым салуды атқарушылық іс жүргізуге ауыстыру. Осы процестер Брюссельдің апелляциялық сотымен Стати ұйымдастырған ірі көлемді алаяқтық нәтижесінде алынған төрелік шешімге негізделген.

Бүгінгі жаңалықты Әділет министрі Марат Бекетаев былай деп түсіндірді:

Бельгиядағы 530 миллион АҚШ долларына тыйым салудан Статидің өз еркімен бас тартуы - олардың ірі көлемдегі алаяқтық әрекеттерінің салдарының бірі ғана. Стати мен олардың сыбайластарының, оның ішінде Дэниел Чапман мен оның Аргентем Крик компанияларының алаяқтығынан заңның үстемдігін қорғау жолында Әділет министрлігі қолжетімді барлық құралды қолданатын болады. Бұл құқықтық қорғау құралдары Республикаға қарсы Статимен жалған және заңсыз қудалау науқанын жүргізіп жатқан Бельгияда және басқа да юрисдикцияларда бар.

Уақытша тыйым салу процесі аясында Лондонның жоғарғы сотында бөлек сот процесі болған. Оның нәтижесінде 2020 жылғы наурызда Республика мен Ұлттық банк пайдасына шешім қабылданды. Осы Лондондағы процесте Жоғарғы соттың 2021 жылғы ақпандағы Республика мен Ұлттық банктің 3,7 миллион доллар көлеміндегі сот шығындарын төлеуге міндеттейтін шешім Статидің жеңілісінің нәтижесі болды. Алайда, Стати осы уақытқа дейін шешімді орындамады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама