Halyq Uni логотип
×

Ресейлік ерлі-зайыпты елден шығарылды

Қос азаматтыққа заңмен тыйым салынған

 Дәурен Ерболат 05.10.2022 | 17:28
Ресейлік ерлі-зайыпты елден шығарылды
Фото: kzkazan.ru

Қос азаматтығы бар ресейлік ерлі-зайыпты Қазақстаннан шығарылды деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Оқиға Алматы халықаралық әуежайында болған. Құзырлы орган қызметкерлері Ресейден келген 71 және 69 жастағы ерлі-зайыптының қос азаматтығы барын анықтады. Олардың үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабы 2-бөлігі («Шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен заңды бұзған ерлі-зайыпты елден шығарылып, 5 жыл Қазақстанға кіру құқығынан айырылды, - деді Көліктегі ПД басшысының бірінші орынбасары, полковник Мадияр Айтуғанов.

Айта кетейік, жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 986 адам жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 38 адамның қос азаматтығы бары анықталған. Сондай-ақ сот қаулысымен 155 шетелдік елден шығарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама