×

Түркі инвестициялық қорын құру қарастырылып жатыр

Оның құқықтық базасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде

 Дастан Жұмабекұлы 05.10.2022 | 16:53
фото: Ұлттық экономика министрлігі

Анкара қаласында Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов пен Түркияның қазынашылық және қаржы министрінің орынбасары Мұрат Заманның кездесіп, Түркі инвестициялық қорын құру мәселелерін талқылады.

Іс-шараға Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова да қатысты.

Ұлттық экономика министрлігі хабарлағандай, кездесуде А.Әбдікәрімов Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қазан айына жоспарланған Қазақстанға сапары екі елдің қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға серпін беретінін атап өтті. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Ұлттық экономика министрлігі серіктестермен бірігіп, Қордың құқықтық базасын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, қазақстандық тарап құрылатын қор қаражатын басқару және келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тетігі бойынша тұжырымдамалық тәсілдерді пысықтауда.

Тараптар аталған халықаралық қаржы ұйымын құру өңірлік сауданы кеңейту және экономикалық қызметті қолдау арқылы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің экономикалық дамуына жәрдем көрсетуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама