×

Қызылордада ер адам 43 жастағы әйелді атып кетті

«Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

 Динара Амантай 05.10.2022 | 16:33
Коллаж: Halyq Uni

Қызылордада адам өлтіруге оқталу дерегі анықталды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 5 қазанда Қызылордада 56 жастағы азамат атыс қаруын қолданып, 43 жастағы таныс әйелді жарақаттап, оқиға орнынан қашқан. Салдарынан жәбірленуші жансақтау бөліміне жатқызылды. Оған ота жасалып, дәрігерлік бақылауға алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі 99-бабы 1-бөлігімен («Адам өлтіруге оқталу») сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті анықталды. Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама