Halyq Uni логотип
×

ОСК президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың құжатын қабылдады

Бұған дейін ол Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер болған

 Дастан Жұмабекұлы 05.10.2022 | 15:13
ОСК президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың құжатын қабылдады
фото: ашық дереккөз

Жигули Дайрабаев кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды.

Бұл туралы ОСК хабарлады.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясына 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Жигули Молдақалықұлы Дайрабаевтың «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары келіп түсті, –  делінген хабарламада.

Президенттікке үміткер «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзіндіні, Жигули Дайрабаевтың Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші, Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжатты, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелерін тапсырды.

Жигули Дайрабаев ­- Қазақстан фермерлер одағы қауымдастығының президенті, «Атамекен» ҰКП агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы.

Ол 1954 жылы туған. Еңбек жолын 1971 жылы шопанның көмекшісі, «Коммунизмге жол» колхозының жүргізушісі болып бастаған. Әр жылдары комсомол комитетінің хатшысы, нұсқаушысы, кәсіподақ төрағасы, колхоз басшысы болып жұмыс істеген.

Жигули Молдақалықұлы Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі. Бұған дейін хабарланғандай, ол «AMANAT» партиясының мүшесі болған. 2020 жылы «АDAL» саяси партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама