×

Мобилизация: Ресейден соғысқа 200 мыңдай адам аттанды

Әскери қызметке іріктеу талаптарына сай келмейтін азаматтар да шақыру алған

 Еркеғали Болатұлы 05.10.2022 | 13:58
фото: ашық дереккөз

Ресейде екі апта бұрын ішінара мобилизация жарияланған күннен бастап 200 мыңдай адам әскер қатарына алынған. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді.

Оның айтуынша, Украинадағы «әскери операцияға» қарулы күштер қатарында тәжірибесі бар бас-аяғы 300 мыңдай ер адамды тарту жоспарланған.

Еске сала кетсек, Ресейде өткен аптада ішінара мобилизация барысында олқылықтарға жол берілгені мәлім болды. Әскери қызметке іріктеу талаптарына сай келмейтін азаматтар да шақыру алған. Осыдан кейін Хабаров өлкесінде мобилизацияға іліккендердің тең жартысы үйіне оралды. Ал қолына қару ұстаудан бас тартқан мыңдаған ресейлік шетел асып кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама