×

Сот шешімімен елімізде тағы үш университет жабылды

БҒМ аутсайдер университеттерді лицензиясынан айырды

 Қымбат Елтайқызы 18.02.2022 | 17:52
фото: Halyq Uni

Сот шешімімен Қазақстандағы аутсайдер үш жоғары оқу орны  жабылды. Олар – Орталық Азия университеті, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті және «Астана» университеті.

Соңғы жылдары аталған үш университет рейтингте үнемі төмен позицияда болған. Бұл университеттердегі білім беру бағдарламаларының басым бөлігі жұмыс берушілердің талабына сай келмеген және білім алушылар арасында да сұранысқа ие болмаған.

Мәселен, Орталық Азия университетінің рейтингтегі 2019 жылы – 36, 2020 жылы – 37 болған. Яғни, көптеген бағдарлама бойынша түлектердің аздығына байланысты нәтиже көрсете алмаған.

«Жабылған ЖОО-лар сапаны жақсарту бағытында жұмыс істемеген, білім беру бағдарламаларына инвестиция салмады, практик-мамандарды қызметке тартпады. Талдау нәтижесіне сүйенсек, білім беру бағдарламалары бойынша рейтингі төмен жоғары оқу орындары қауіпті аймаққа түсетін университеттермен өзара байланысты болады. Нәтижесінде аутсайдер жоғары оқу орындары лицензиясынан айырылып, білім беру қызметін тоқтатты», – деді Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.

Дәл осындай жағдай «Астана» университеті мен Ақтау гуманитарлық-техникалық университетіне де қатысты. Бұл университеттердегі білім беру бағдарламасының 70-75%-ы сапасы бойынша талаптарға және жұмыс берушілердің сұранысына сай болмаған.

Тексеру нәтижесі бойынша басқа университеттерге қатысты да сот процестері жүріп жатыр. Мәселен, академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде педагогикалық және техникалық бағыт бойынша кадр даярлау жұмыс берушілердің талабына сай келмейді.

Кадр даярлау сапасын жақсарту - маңызды мәселе. Егер бүгін университеттер тиісті талапқа сай болмаса, онда ертең біз білімі мен біліктілігі жұмыс берушілердің сұранысын қанағаттандырмайтын маман даярлаймыз. Біз жоғары оқу орындарына олқылықтардың орнын толтыруға уақыт береміз, алайда олар түзетуге асықпайды. Осыған байланысты біз қатаң шара қолданамыз. Жоғары оқу орындары оқыту жағдайын, білім беру бағдарламаларын, сонымен қатар студенттердің түрлі мамандықты меңгеру дағдыларын жақсартуға жағдай жасауға тиіс. Олай болмаса, жоғары оқу орындары сапалы білім бермей-ақ диплом үлестіреді», – деп толықтырды Гүлзат Көбенова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23