Halyq Uni логотип
×

Физикадан Нобель сыйлығы иесін тапты

Франция, АҚШ, Австрия және Швеция ғалымдары лауреат атанды 

 Дастан Жұмабекұлы 05.10.2022 | 10:29
Физикадан Нобель сыйлығы иесін тапты
фото: ашық дереккөз

Физика бойынша биылғы Нобель сыйлығы француз ғалымы Ален Аспеге, америкалық Джон Клаузерге және австриялық Антон Зейлингерге берілді.

Бұл туралы Нобель комитетінің ресми сайты хабарлады.

Швед биологы медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді.

Ален Аспект, Джон Клаузер және Антон Зейлингер екі бөлшек бөлінген кезде де біртұтас болып әрекет ететін шиеленіскен кванттық күйлерді қолданып, жаңа тәжірибелер жүргізді. Олардың нәтижелері кванттық ақпаратқа негізделген жаңа технологияларға жол ашты.

Кванттық технологияның жаңа түрі пайда болды. Бұған біз күн өткен сайын көз жеткізіп келеміз, - деді физика бойынша Нобель комитетінің төрағасы Андерс Ирбек.

Жеңімпаздарды жариялау рәсімін Нобель комитетінің сайтында тікелей эфирде көруге болады.

2022 жылғы Нобель апталығы 3-10 қазан аралығында өтеді.

3 қазанда физиология және медицина бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығы швед биологы Сванте Паабоға берілді. Ол жойылған гоминидтердің геномдары мен адам эволюциясы саласындағы жаңалығы үшін лауреат атанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама