Halyq Uni логотип
×

Astana Open турнирі: әлемнің бірінші ракеткасы ұтылып қалды

Ол бельгиялық Давид Гоффеннен жеңілді

 Дастан Жұмабекұлы 04.10.2022 | 18:09
Astana Open турнирі: әлемнің бірінші ракеткасы ұтылып қалды
фото: ktf.kz

Astana Open ATP 500 турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарас жеңіліп қалды.

Ол даниялық Хольгер Рунемен кездесуі керек еді. Алайда, Х. Руне Астанаға келмей қалды да, оның орнына іріктеу сайыстарынан өте алмаған әлемнің 66-ракеткасы, бельгиялық Давид Гоффен шықты. Д. Гоффен күтпеген жерден әлемнің бірінші ракеткасынан 7:5, 6:3 есебімен айласын асырып кетті.

Бельгиялық спортшы екінші айналымда әлемнің 51-ракеткасы, франциялық Адриан Маннариномен күш сынасады.

Турнирдің екінші күні, сондай-ақ қазақстандық, дүниежүзілік рейтингіде 221-орында тұрған Михаил Кукушкин әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципасқа ұтылды. Есеп – 3:6, 4:6.

Ресейлік, рейтингіде 103-сатыдағы Павел Котов әлемнің 31-ракеткасы, испаниялық Алехандро Давидович Фокинаны қапы қалдырды. Есеп – 6:4, 6:4.

Бүгін Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик кортқа шығады. Оның қарсыласы – рейтингіде 54-орындағы нидерландылық Таллон Грикспур.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама