Омбы қазағы отандастарын Ресей үшін соғысуға шақырды (ВИДЕО)
Қуандық Иманғалиев Путин үшін ажал құшуға дайын екенін айтты
Ресейдің Омбы облысында тұратын қандасымыз Қуандық Иманғалиев әскерге жұмылдырудан қашып кеткен жерлестеріне ренішін білдірді.
Ол өзін видеоға түсіріп, былай деді:
Мен Омбыда тұратын барлық қандастарыма үндеу жолдағым келеді. Шыдай алмадым. Омбыда 30 пайыз қазақтардың тұратынын бәрі біледі. Бірақ біздің ротада 1000 адам ішінде неге бесеуі ғана қазақ?! Қазақтар қайда кеттіңдер? Не бәрің қашып кеттіңдер ме? Бұл жағдай тарихта қалады. Ертең балаларың «әке, сен сол кезде қайда болдың?» деп сұраса не дейсіңдер? Шындықтың бетіне тура қарап қашып кеткендеріңді мойындайсыңдар ма әлде өтірік айтасыңдар ма? Мен орыс халқына басымды иемін. Өйткені мұндағылардың барлығы орыстар. Ресей не болса да жеңеді, — деді жас жігіт.
Осылайша ол видео жариялап, Ресейден Қазақстанға ағылған 200 мың адамның қатарында қазақ ұлтының үлесі көп еместігін ескермеді.