4 әйелдер командасы жауынгерлік қанат жаюдағы біріншілік үшін күресті
Қазақстанның әйелдер құрамасы жауынгерлік қанат жаюда әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бүгін Самарқанд қаласында Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты аясында ТЖМ әйелдер құрамасы жауынгерлік қанат жаюда әлем чемпионы атанды.
4 әйелдер командасы жауынгерлік қанат жаюдағы біріншілік үшін күресті. Өрт сөндіру-құтқару спортының бұл командалық түрі өртке келген кезде өрт сөндірушілердің іс-әрекеттерін қайталайды. Бұл кезеңнін мәні - магистральдық жеңқұбыр желісін тез әрі дұрыс төсеу және нысанды су ағынымен «зақымдау». Нысана ортасындағы тесік арқылы сыйымдылықты он литр сумен толтырғаннан кейін зақымданған болып саналады.
Әйелдер командалары арасындағы жарыс Қазақстан Республикасы құрама командасының жеңісімен аяқталды. Нәтижесі 27,16 секундты құрады. 2-орынды Ресей Федерациясының командасы, 3-орынды Беларусь және Өзбекстан Республикасының құрама командалары иеленді.
Айта кетсек, 1 қазанда Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында ерлер арасында өрт-сөндіру құтқару спортынан XVII Әлем Чемпионаты және өрт-сөндіру құтқару спортынан әйелдер арасында VІII Әлем чемпионаты басталған болатын.