Еуропада Алаш қайраткеріне құрмет көрсетілді
Францияның Париж қаласында ұлт ұстазы, Алаш қайраткері, үш арыстың бірі - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жиын басталды.
Алашорда қозғалысы басшыларының біріне арналған жиын дөңгелек үстел пішінінде Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде болып жатыр. ОғанҒылым және жоғары білім Ввице-министрі Талғат Ешенқұлов, ЮНЕСКО-ның өкілдері Қазақстан, Әзербайжан, Түркия мен Германиягның ғалымдар қатысуда.
Бүгін кешке опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай «Сазген сазы» этно-фольклорлық ансамблі, халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Чотабаев, Жұбаныш Жексенұлы, Ренат Гайсин, сондай-ақ халықаралық байқауларының лауреаты Ерке Есмаханның қатысуымен салтанатты концерт өтеді.
Былтыр ЮНЕСКО Бас конференциясының 41-сессиясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған атаулы күндер тізіміне енгізілген.