×

Мүфтият 2023 жылдың діни күндер кестесін жариялады

Діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін

 Динара Амантай 04.10.2022 | 11:50
Фото: amin.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Хижри айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, - делінген діни басқарманың сайтында.

Діни күнтізбеге сәйкес, 2023 жылы қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады. Сәуірдің 17-сінен 18-іне қараған түні – Қадір түні, 21 сәуірде – Ораза айт.

Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға түсіп тұр. Айта кетсек, үш күнге созылатын мерекенің алғашқы күні елімізде демалыс саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама