Қайырбек Өскенбаев заңға өзгерістер енгізіліп жатқанын айтты
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қаладағы бейберекет құрылыс мәселесін шешудің жолын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов ведомство басшысына бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды.
Бүгінде қалаларда құрылысты бір-біріне қабаттастырып, бейберекет салу мәселесіне жұртшылық тарапынан шағым көп. Қазір бұған қатысты қандай шаралар қабылдауға болады?, - деп сұрады ол.
Қайырбек Өскенбаев саланы цифрландыру арқылы шешуге болатынын жеткізді.
«Дұрыс айтасыз. Заңға өзгерістер енгізіліп жатыр. Бірақ қазір градкадастр арқылы жиналған материал бойынша әкімшіліктерде оң шешім қабылдауға мүмкіндік бар. Онда қандай инфрақұрылым, жер тапшылығы, ұқсас объектілер барын көруге болады. Кейін дұрыс шешім қабылдауға болады», - деді министр.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қалалардағы құрылыс нысандарының бірыңғай кадастрлық нөмірі түзілетінін айтты. Ол үшін нысанның бірегей нөмірін енгізуді пысықталып жатыр.
«Бұл біріздендіру, жеке сәйкестендіру нөмірмен ұқсастығы бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруді, адами факторды болдырмай, бас жоспарларға және егжей-тегжейлі жобалау жоспарларына сәйкес жүйеде эскиздік жобаны келісуді қамтамасыз етеді», — деді министр.
Сондай-ақ ол құрылыс нысандарының құжаттары түгел тексерілетінін мәлім етті.
Құжаттардың нысаналы мақсатқа сәйкестігіне түпкілікті тексеруді жүргізуге мүмкіндік береді, — деді Қайырбек Өскенбаев.